«Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 Қаулысы (2006.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АДБ - Азия Даму Банкі

АХТСП - Ақтау халықаралық теңіз сауда порты

АҚ - акционерлік қоғам

TMPA - Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi

РФ ХАТҚ - Ресей Федерациясының халықаралық автомобиль тасымалдаушылар қауымдастығы

ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi

ҚДБ - "Қазақстан Даму Банкi" акционерлік қоғамы

ДСҰ - Дүниежүзiлiк сауда ұйымы

ИДБ - Ислам Даму Банкi

ДИ - Даму институттары

ҚИҚ - "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы

ХАТО - Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы

ҚазТКҒЗИ - Қазақстан темір жол көлiгi ғылыми-зерттеу институты

ҚМГ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

ҰҚК - Ұлттық қауiпсіздiк комитетi

ҚХР - Қытай Халық Республикасы

ҚТЖ - "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

КБК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi

МТЖ - магистральды темір жол желісі

ДСМ - Денсаулық сақтау министрлiгі

CIM - Сыртқы істер министрлігі

ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі

БҒМ - Білім және ғылым министрлiгі

ТЖХК - Темір жолдардың халықаралық кеңесi

АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі

РФ КМ - Ресей Федерациясы Көлiк министрлігі

ККM - Көлiк және коммуникация министрлігі

Қаржыминi - Қаржы министрлігі

ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ҚҚС - Қосымша құн салығы

ҰИҚ - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы

ТЖЫҰ - Темір жол ынтымақтастығын ұйымдастыру

ККК - Көлiк-коммуникациялық кешендер

TЭH - Техникалық-экономикалық негіздеме

МТОЗ -"Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы

ТЖОК - Темір жолдардың орталық кеңесi

 

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2005 жылғы 26 маусымдағы

№ 633 қаулысымен

бекiтілген

 

«Тоқыма өнеркәсiбi» пилоттық кластерiн

жасау мен дамыту жөніндегі жоспар

 

Бүгiнгi таңда Қазақстандағы тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi саласы ауыр экономикалық жағдайда тұрғанын атап өту керек.

Бiздiң көзқарасымызша, тiгiн өнеркәсiбiнiң өсу әлеуетi неғұрлым "тиiмдi" кiшi салаларды таргеттеуден тұрады, онда отандық өндiрушi неғұрлым бәсекеге қабiлеттi болуы мүмкiн.

Қазақстанда үлкен көлемде экспортталатын мақтаның үдемелi өндiрiсi бар, сондай-ақ iшкi әрi сыртқы рыноктары үшiн де әртүрлi өнiмдi шығаруға қабiлеттi тiгiн компаниялары бар.

Тоқыма саласының мақта-тоқыма сегментiнiң қосылған құндары тiзбесiнiң өтпелi элементiн қалпына келтiру үшiн бүгінгi таңда тоқыма саласының басқа сегменттерiне қарағанда неғұрлым бәсекеге қабiлеттi болып табылатын жiп және мата өндiрiсiн серпiндi дамыту қажет. Тоқыма өндiрiсiнiң осы сегментiне қосылған құнның шамамен 80 %-ы, сонымен бірге, талшықты мақта өндiрiсiне шамамен 10 %, дайын киiмге шамамен 1-3 % келедi. Бәсекеге қабiлеттi тоқыма сегментiн құру Қазақстанда шығарылатын мақтаны ұқсатуға, сонымен қосылған құнды ұлғайтуға және тiгiн кәсiпорындарында одан әрi өңдеу үшiн қажетті өнiмдi шығаруға мүмкiндiк бередi.

Тоқыма өнеркәсiбiн дамытудың бастапқы кезеңiнде Оңтүстiк Қазақстан облысында - мақта-мата жiп пен матаны шығару жөніндегі пилоттық кластердi құруға және дамытуға назар аудару ұсынылады.

Таңдау мынадай факторларға негiзделеді: шикiзаттың (мақтаның) қол жетiмділігі, жаңа тоқыма кәсiпорындарын салуды және бұрынғыларын қайта жарақтандыруды жүзеге асыратын бірнеше iрi компаниялардың болуы, өндiрiстiк шығындардың салыстырмалы төменгi деңгейi және тарихи қалыптасқан өзiне тән инфрақұрылымның болуы.

Мақтаны шығару мен қайта өңдеу саласындағы Оңтүстiк Қазақстан облысының ерекшелiгi облыс аумағында пилоттық кластердiң жүйе құрайтын компонентi болып табылатын "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру қажеттілiгін негіздедi.

 

 

Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстары агенттігі

АҚ - акционерлік қоғам

ЖӨКҚ - Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының қауымдастығы

ҚДБ- "Қазақтан Даму банкi" акционерлік қоғамы

YК - ОҚО-дағы "Тоқыма өнеркәсiбi" кластерінің үйлестіру кеңесi

ҚМҚ - Қазақстандық мақта қауымдастығы

ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі

БҒМ- Білім және ғылым министрлігі

AШM - Ауыл шаруашылығы министрлігі

Еңбекминi - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі

Қаржыминi - Қаржы министрлігі

ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ҚҚС - қосылған құн салығы

PMК - республикалық мемлекеттік кәсiпорын

ТШ - техникалық шарттар

МТЗО - "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы

ОҚО - Оңтүстiк Қазақстан облысы

 

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2005 жылғы 26 маусымдағы

№ 633 қаулысымен

бекiтілген

 

«Құрылыс материалдары» пилоттық кластерiн

жасау мен дамыту жөніндегі жоспар

 

Қазақстан Республикасы экономикасының көтерiлуi құрылыс кешенiнiң нәтижелерi бойынша неғұрлым көбірек байқалады. Қазақстанда соңғы бес жыл iшiнде, тұрғын-үй құрылысы (оның iшiнде, ҚР Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде), өндiрiстiк ғимараттар көлемiнiң, әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілердiң, жолдардың және басқаларының елеулi түрде өсуi байқалуда. Құрылыстың үлкен көлемдерiн орындау елорданы Астанаға көшiрумен, мұнай өндiру саласын дамытумен, кәсіпорындардың iскерлiк белсендiлiгiн арттырумен байланысты.

Осыған байланысты, қазiргi кезде iске асырылып жатқан Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi. Алайда, өндiрiстiк қуаттарды ұлғайтудан, жаңа өндiрiстердi құрудан басқа, өндiрушілердi өңiрлiк бірiктiрумен байланысты ұйымдастырушылық фактор тиiмдiлiктi арттырудың елеулi элементi болып табылады. Бұл жағдайда рынокта жекелеген кәсiпорын емес, өңiрлiк өнеркәсiптiк кешен бәсекеге түседi, ол өңiрдегi қолда бар барлық ресурстарды барынша тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн компаниялардың бірлескен технологиялық кооперациясының арқасында өзiнiң транзакциялық шығындарын қысқартады.

Ұсынылып отырған Iс-шаралар жоспарында заңнамаға өзгерістер енгізу, жалпы салалық iс-шараларды өткізу мәселелерiн қамтитын жалпы жүйелiк iс-шаралардан басқа, 3 пилоттық кластер бөлінiп көрсетілген.

Астана қаласында құрылыс материалдарының индустриялық паркін құру болжануда - жер учаскесi бөлiнетiн, коммуникация, кластерлерге қатысушыларды тарту мәселелерi шешілетiн болады.

Алматы облысында сапа кәсiпорындарының өздерi құрылтайшысы болатын, көтерме буынның жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарын акционерлік қоғам түрiндегі кластердi құра отырып бірiктіретiн құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсiбiн дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған облыстық бағдарламасының негiзiнде кластер құру болжануда. Бiрiктіру әмбебап маркетинг базасын құру мен өнiмнің жаңа бәсекеге қабілеттi түрлерiн өндiрудi ұйымдастыруға инвестициялар тартудан бастап кластерге барлық қатысушылар үшiн шикiзатты, жинақтаушыларды және т.б көтерме саудада сатып алу есебiнен өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге дейiнгi мәселелердiң кең спектрiн шешуге мүмкiндiк бередi.

Қызылорда облысында флоат шынысын өндiретiн зауыт салу жөніндегі жобаны iске асыру негізiнде кластердi құру жоспарлануда.