“Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау
мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 Қаулысы
(2006.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырғандар бекiтілсiн:
1) «Металлургия» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
2) «Көлiктiк логистика» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
3) «Тоқыма өнеркәсiбi» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегі жоспар;
4) «Құрылыс материалдары» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
5) «Тамақ өнеркәсiбi» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
6) «Туризм» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегі жоспар;
7) «Мұнай-газ машиналарын жасау» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар.
2. Мүдделi министрлiктер, ведомстволар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) жоспарлардың тиiстi және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) жарты жылда бір рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жоспарлардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
1) жарты жылда бір рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспарлардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн;
2) «Экономиканың басым секторларын кластерлiк дамыту жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 44-ө өкіміне сәйкес құрылған салалық жұмыс топтарынан келiп түскен талдау материалдарын қорытуды және оларды электронды бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
?кіметінің
2005 жылғы 26 маусымдағы
№ 633 қаулысымен
бекiтілген
«Металлургия» пилоттық кластерiн жасау
мен дамыту жөніндегі жоспар
Дамыған тау-кен-металлургия кешенiнiң болуы Қазақстан экономикасының серпiндi дамуын айқындайтын факторлардың бірi болып табылады. Бұл ретте, шығарылатын қара және түстi металлургияның айтарлықтай үлесi Қарағанды облысының аумағында орналасқан кәсiпорындарға келедi.
"Миттал Стил Теміртау" АҚ және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС iрi компаниялары осы сектордың негiзгi шаруашылық жүргiзуші субъектiлерi болып табылады. Осы кәсiпорындардың маңында олардың қызметi үшін қажеттi жабдық пен материалдарды жеткізушiлердiң 300-ден астамы, оның iшiнде, болат прокатын, шойынды, ақ қаңылтырды, катодтық мысты, мысты созбасым мен сымды өңдеуге маманданған машина жасау мен металлургияның 30-дан астам кәсiпорындары шоғырланған.
М.Портердiң кластерлер теориясы халықаралық ауқымдағы неғұрлым бәсекеге қабілеттi бір саланың фирмалары әдетте бір өңiрде жинақталғандығына негiзделген, ал өз маңына неғұрлым бәсекеге қабiлетті компаниялармен таралатын және осы компаниялардың берушiлерiн, тұтынушыларын және бәсекелестерiн қозғайтын инновациялардың толқынды табиғатымен байланысты.
Бұл көзқарас тұрғысынан, Қарағанды облысы металл өңдеу жөніндегi кластерге кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін барынша дайындалған, өйткенi мұнда олардың арасындағы ынтымақтастық ғана емес, өз кезегінде, өнiмнiң сапасын арттыруға алып келетiн бәсекелестiктің қажетті деңгейiн қамтамасыз ететiн жеткілiкті қайта өңдеуші кәсiпорындар топтастырылған.
Осы жоспарда ұсынылған iс-шаралар металлургиядағы 4-5 қайта бөлiнiсi өнiмi экспортының өсуiн ынталандыруға, сондай-ақ экономиканың осы секторына iрi металлургиялық корпорациялармен бірге кооперация қағидаттарында шағын және орта кәсiпорындардың мүмкiндігiнше үлкен санын тартуға бағытталған.
Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖОО - жоғарғы оқу орны
ДИ - даму институттары
ҚМК -"Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершiлігі шектеулi серiктестігі
YК - Қарағанды облысындағы "Металлургия" кластерiнiң үйлестiру кеңесi
ИСМ - Индустрия және сауда министрлiгі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігi
Қоршағанортамині - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
MCT - "Миттал Стил Теміртау" акционерлік қоғамы
Қаржыминi - Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
КТЛ - Кәсiптік-техникалық лицей
КТМ - Кәсiптiк-техникалық мектеп
ШКДҚ - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы
МТЗО - "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы
?кіметінің
2005 жылғы 26 маусымдағы
№ 633 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2006.22.06. № 572 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
"Көліктік логистика" пилоттық кластерiн
жасау мен дамыту жөніндегі жоспар
Қазақстанның экономикалық және географиялық ерекшелiктерi (кең ауқымды аумақ және халықтың тығыздығы төмен, минералдық ресурстар қорларының және елдiң әртүрлi бөлiктеріндегі оларды өндiру орталықтары, ресурстарды өңдеудiң төменгi деңгейi және шикiзатты әкетудiң бағдарлылығы) оның экономикасын көлiк жүйесiне жоғары тәуелдiлiкке негiздей отырып, әлемдегі мейлiнше әлеуеттілердiң бірiне айналдырады.
Осыған орай, Қазақстанның кластерлiк бастамасы, нақты нәтижелерге қол жеткізуде экономикалық түрлендiрудiң нақты иiнтiрегi болуы тиiс, ол мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының күш-жiгерiн, бизнестi және қоғамды толық көлемде шоғырландыруға мүмкiндiк бередi.
Көлiк-логистикалық кластердiң миссиясы - тасымалдауда және транзиттiк тасымалдау әлемдiк рыногындағы сәттi бәсекелiстікте Қазақстанның экономикасы мен халқының баламалы талаптарына көлiк кешенiнің даму және қызмет деңгейiне қол жеткізудi қамтамасыз ету.
Көлiк-логистикалық қызметтер кластердiң ерекшелiгiне қарай оны оқшаулау аумақтық-функционалдық сипатқа ие және оның өз ерекшелiгi бар: бірiншiден, кластердiң шешушi буыны, ядросы жеткізу бағыттары, жүк ағымдарының жолын кесетiн және тудыратын iрi тораптар болып табылады; екiншiден, кластердiң қолданысы көлiк-логистикалық және қосалқы қызметтер көрсететiн кәсiпорын орналасқан барлық аумаққа таралады.
Жоғарыда жазылғандарға сүйенiп, бірiншi кезеңде екi пилоттық жобаны iске асыру көзделедi: Алматы қаласында көлiк-логистикалық орталықты ұйымдастыру және "NELTI" Жаңа Еуразиялық Көлiк Бастамасы.
Бiрiншi жоба ең жұмысы қиын қазақстандық көлiк торабы - Алматы қаласында терминалдық парк тапшылығы мәселесiн ең жаңа ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолдану арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн көлiк-логистикалық орталық құру жолымен шешетiн болады.
Екiншi жоба Қазақстанның Халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы көлiктiк әлеуетiн Пекин - Бахты - Берлин бағыты бойынша "жасыл" көлiк дәлiзiн ұйымдастыру арқылы дамытуға бағытталған.