Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi
АҚ - акционерлік қоғам
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
МЖ - Мемлекеттік жiктеме
МҰТП- Мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ЕБҚ - Еуропалық білім беру қоры
ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам
ҰҚК - Ұлттық қауiпсіздiк комитеті
ЭҚТБӨТ - Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктемесi
ҚТҚ - Қазақстан туристiк қауымдастығы
ҚТЖ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
IIM - Iшкi iстер министрлiгі
СIМ - Сыртқы iстер министрлігі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
MACM - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Көлiк және коммуникация министрлiгі
ТСМ - Туризм және спорт министрлігі
Қаржымині - Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі
Әдiлетминi - Әдiлет министрлігі
ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктемесi
ЖСҚ - жоба-сметалық құжаттама
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҰВ - демалу вагоны
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
TК - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Туризм жөніндегі кеңес
ТЭН - техника-экономикалық негіздеме
ШКДҚ - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы
ШС - шаруашылық жүргізушi субъектiлер
км - километр
?кіметінің
2005 жылғы 26 маусымдағы
№ 633 қаулысымен
бекiтілген
«Мұнай-газ машиналарын жасау» пилоттық кластерiн
жасау мен дамыту жөніндегі жоспар
Қазақстан Республикасының бар болуы жоғары технологиялық iлеспелi индустрияны дамытудың қозғаушы күшi болып табылатын мұнай мен газдың бай ресурстары бар.
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы iрi жобалардың бірi Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторындағы (КТҚС) көмiрсутегi ресурстарын игеру болып табылады. Мемлекет басшысының 2003 жылғы 16 мамырдағы
№ 1095 Жарлығымен мақсаты КТҚС-ның көмiрсутектерiн ұтымды әрi қауіпсіз игеру арқылы елдiң тұрақты экономикалық дамуын және Қазақстан халқының өмiр сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу ел индустриясының iлеспелі салаларын дамытуға қол жеткізу болып табылатын Каспий теңiзiнің қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және бекiтілдi.
Осы бағдарлама iс-шараларының шеңберiнде iлеспе салалардың iрi мега-жобаларын iске асыру, оның iшiнде теңiз мұнай операцияларын және сервистiк индустрияны қолдаудың инфрақұрылымын құру, жағалаудағы қолдау базалары үшiн ұсынылатын нақты объектiлердi айқындау арқылы КТҚС-ның жағалау жолын, қайта өңдеушi кәсiпорындарды, теңiз өткiзгiш құбырларының құрлыққа шығу аймақтарын дамытудың, қалдықтарды және басқа объектiлердi қауiпсіз сақтаудың кешендi жоспарын әзiрлеу және қабылдау болжанып отыр. Қазақстанның аумағында теңiз көмiрсутегi ресурстарын және мұнай мен газдың бай ресурстарын игеру қазiргi заманғы экспортқа бағдарланған өңдеушi мұнай-химия индустриясын, көлiк инфрақұрылымын құруды болжайды.
Iрi инвестициялық жобаларды iске асыру мұнай мен газға, көмiрсутегi шикiзатын өндiруге, тасымалдауға, сақтауға және терең қайта өңдеуге арналған ұңғымаларды барлау мен бұрғылау үшiн жоғары технологиялық жабдыққа және машиналар жасау өнiмдерiне жоғары сұранысқа әкеп соқтырады.
Осы iс-шаралар жоспарында Батыс Қазақстан облысының аумағында пилоттық жобаны iске асыру болжанып отыр.
Мұнай-газ машиналарын жасау саласындағы кластерлеу үшiн осы өңiрдi таңдаудың негiзгi факторлары қуатты өндiрiстiк, кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуеттiң бар болуы, көлiк, қаржы инфрақұрылымының дамығандығы, осы өңiрдiң аумағында және Ресеймен шекара маңында машиналар жасау өнiмдерiн өткізудiң жеткілiктi рыногын қамтамасыз ететiн iрi инвестициялық жобаларды iске асыру болып табылады.
Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ - акционерлік қоғам
АТС - автономды телефон станциясы
ШҚМТУ - Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi
БДБ - «Мұнай және газ өнеркәсiбiн бас диспетчерлiк басқару» акционерлік қоғамы
БҚО - Батыс Қазақстан облысы
ҚазҒТУ - Қазақ ғылыми-техникалық университетi
ҚарМТУ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi
ҚБТУ - Қазақстан-британ техникалық университетi
ҚИ - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
ҚМГИ - Қазақстан мұнай-газ институты
ҚКА- «Қазақстан келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы
ҚМГ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
Еңбекминi - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Әдiлетминi - Әдiлет министрлігі
ҚҚС - қосымша құн салығы
ҒЗИ - ғылыми-зерттеу институты
ҒЗТКЖ - ғылыми-зерттеу және тәжiрибиелiк-конструкторлық әзiрлемелер
ҰИҚ - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы
ӨК - өндiрiстiк кооператив
СҚО - Солтүстік Қазақстан облысы
ЖШС - жауапкершілігі шектеулi серіктестік
ИТТО - «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» акционерлік қоғамы