«Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 Қаулысы (2006.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚ - акционерлік қоғам

АӨТП - "Алматы өңiрлiк технопаркi" жауапкершiлiгі шектеулі cepіктестігі

ҚДБ - "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлік қоғамы

ЖОО - жоғары оқу орны

TКК - тау-кен компаниясы

ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам

ДИ - даму институттары

ҚИҚ - "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы

YК - "Құрылыс материалдары" кластерінің Астана қаласындағы үйлестiру кеңесi

ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі

БҒМ - Білім және ғылым министрлiгі

Еңбекминi - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қаржыминi - Қаржы министрлігi

ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ҚҚС - Қосылған құн салығы

ҒЗТКӘ - Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық әзірлемелер

ҰИҚ - Ұлттық инновациялық қор

ААҚ - Ашық акционерлік қоғам

КТУ - Кәсiптiк-техникалық училище

ҚЖТ - Құрылыс материалдарының кластерi жөніндегі жұмыс тобы

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЖШС - жауапкершiлiгi шектеулі серіктестік

TЭH - техникалық-экономикалық негіздеме

TЭО - Жылу-энергетикалық орталық

ШҚДҚ - "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы

ИТТО - "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлік қоғамы

MTЗО - "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы

га - гектар

 

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2005 жылғы 26 маусымдағы

№ 633 қаулысымен

бекiтілген

 

«Тамақ өнеркәсiбi» пилоттық кластерiн

жасау мен дамыту жөніндегі жоспар

 

Қазiргi таңда, қазақстандық тамақ өнiмдерi рыноктарының сыйымдылығы 2,5 млрд. АҚШ долларына бағаланады. Республикадағы халықтың нақты кiрiсiнiң өсуiн есепке ала отырып, iшкi рынок бұдан ары өседi деген негiз бар. Дегенмен, шетел рыноктарына шығу негiзгi стратегиялық мақсат ретінде қарастырылады. 1,5 млрд. астам халқы бар Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерi және олардың Қазақстанға жақын орналасуы, отандық өнiмдердi сатуда әлеуеттi рынок ретінде қарастырылады.

Неғұрлым дамыған экономикалық жүйелер мен табысты фирмалар практикасының талдауы көрсеткендей, бәсекеге қабiлеттi арттырудағы тиiмдi нысандардың бірi кластерлiк тәсiлдi iске асыру болып табылады. Бұл ретте, кластер мемлекеттің бүкіл экономикасы үшiн, iшкi рыноктың және халықаралық экспансия базасының өсу нүктесiнің рөлiн орындайды.

Қатысушылардың географиялық жақын орналасуы, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы шикiзаттарын өндiрушілер мен қайта өңдеушi кәсiпорындары тамақ өнеркәсiбiнiң дамуында кластерлiк тәсілдi қолдану мүмкіндiгiн бередi.

Мәселен, осылайша, солтүстiк шығыс және оңтүстiк өңiрлерде сүт өнiмдерiн өндiру (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары), оңтүстік өңiрде жемiс-көкөнiс өнiмдерi (Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары), солтүстiк өңiрде ет өнiмдерi (Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары), солтүстiк және орталық облыстарда дәндi дақылдарды қайта өңдеу (Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары), Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында балық өнiмдерi бойынша кластерлер құру және дамыту мүмкiндiктерi бар.

Жүргiзілген талдау нәтижесiнде пилоттық кластерлердi ұйымдастыру үшiн неғұрлым "дайындалған" мынадай 3 бағыт айқындалды: солтүстiкте - дәндi дақылдарды қайта өңдеу, оңтүстiк өңiрлерде жемiс-көкөнiс және Қостанай облысында - сүт өндiрiсi.

Бұл ретте, сыртқы рынокқа сатуға арналған экспорттың, өндiрiстiк қуаттарын жаңғырту және көлемiн көбейту есебiнен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кешендiлiгiнiң деңгейiн тереңдетуге және арттыруға көңіл бөлiнедi, оған ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi мен қайта өңдеушілердi тiкелей және жанама мемлекеттік қолдауға аз да болса септiгi тиедi.

 

 

Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚ - акционерлік қоғам

TMPA - Табиғи монополияларды реттеу агенттігi

СА - Статистика агенттігi

ЖЖМ - Жанар-жағар май материалдары

ИРАК - Халықаралық аккредиттелген одақ

ДИ- Даму институттары

ИСО - Өнiмге халықаралық стандарт

ҚАМ - "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы

ҚАҚ - "Қазагроқаржы" акционерлік қоғамы

ҮК - Үйлестiру кеңесi

ҚТЖ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

CIM - Сыртқы iстер министрлігі

ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі

АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі

МТС - Машина-трактор станциясы

ХСО - Халықаралық сауда орталығы

Қаржыминi - Қаржы министрлігі

ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ҚҚС - Қосылған құн салығы

НҚК - Нормативтiк-құқықтық кесiм

ҒӨО - Ғылыми-өндiрiстiк орталығы

КҚБ - Кәсiпкерлердің қоғамдық бірлестiктерi

РМК - Республикалық мемлекеттік кәсiпорын

ҚР - Қазақстан Республикасы

РФ - Ресей Федерациясы

СӨП - Сауда өнеркәсiптiк палатасы

АЖП - Аумақтық жұмыс топтары

XACCП - Қажеттi бақылау нүктелерiнiң қатер талдауы

МТЗО - "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

 

Қазақстан Республикасы

?кіметінің

2005 жылғы 26 маусымдағы

№ 633 қаулысымен

бекiтілген

 

«Туризм» пилоттық кластерiн жасау мен дамыту

жөніндегі жоспар

 

Туристiк сала бүгiн экономиканың ең жанданған және перспективалық салаларының бірiне айналып келедi.

Туристiк қызметтерге сұраныстың айқындауыштары мыналар: өмiр деңгейiнiң артуы, Интернет арқылы туристiк қызметтердi сатып алудың ұлғаюы, турлардың құрама пакеттерiне, дәстүрлi мәдениеттi, өмiр мәнерiн бастан кешiруге мүмкiндiк беретiн турларға сұраныстың ұлғаюы болып табылады.

Қазақстандық туристiк сала қолда бар туристiк әлеуетке қарамастан осы артықшылықтарды әлi пайдаланған емес.

Тек соңғы жылдары ғана оны туристiк қызметтердiң әлемдiк нарығына жылжытуға арналған шаралар қабылдануда.

Нәтижесiнде 2004 жылы Қазақстанға келушiлердiң саны 4,3 миллионды құраған.

Ұсынылған Iс-шаралар жоспарында заңнамаға өзгерістер енгізу, жалпы салалық iс-шаралар өткізу мәселелерiн қамтитын жалпы жүйелiк мәселелерден басқа Алматыда және Алматы облысында шоғырланатын пилоттық туристiк кластер бөлiнген. Осы өңiр инфрақұрылымы (қонақ үйлердiң, санаторийлердiң, ойын-сауық объектiлерiнiң барынша көп шоғырлануы, қорықтар, таулар және т.б.) бойынша да, туристер үшiн өңiрдiң жалпы тартымдылығын арттыру үшiн жеке бизнес өкілдерiнiң ынтымақтастыққа дайындығы бойынша да кластерлiк бастамаларды iске асыру үшiн неғұрлым лайықты болып табылады.

Жүргiзілген зерттеулер барысында оларды пайдалану осы пилоттық кластердiң дамуын ынталандыратын Алматыда және Алматы облысында туристiк кластердiң мынадай сегменттерi айқындалды:

Өңiрдiң табиғи ландшафттарын пайдаланатын экологиялық туризм.

Қолда бар тарихи-археологиялық және мәдени мұраны ашуға бағытталған мәдени-танымдық туризм.

Орталық Азияның қаржылық және бизнес-орталықтарының ең маңыздыларының бірi ретiнде Алматы қаласының одан әрi дамуына ықпалын тигiзетiн iскерлiк туризм.

 

ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 329 қаулысымен өзгеріс енгізілді (бұр.ред.қара)