Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын
мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1272 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 56 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын (бұдан әрi - Конституцияның 10 жылдығы) мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған Конституцияның 10 жылдығын мерекелеудiң іс-шаралар жоспары бекітілсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
Конституцияның 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөнiнде тиiстi аумақтық комиссиялар құрсын;
Конституцияның 10 жылдығын мерекелеудiң тиiстi аумақтық iс-шаралар жоспарларын бекiтсiн.
4. 2005 жылы iс-шараларды қаржыландыру тиiстi бюджеттік бағдарламалар мен кiші бағдарламалар шеңберiнде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының