Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік
жаза қолдану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 ж. 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығы
(ҚР Президентінің 09.10.00 ж. № 459; 21.06.02 ж.
№ 895 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртібін нығайту және жауапкершілігін арттыру мақсатында, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 3279 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 51, 489-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының