Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 маусымдағы № 38-п Бұйрығы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 183 Бұйрығымен күші жойылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Е. Аринов |
Индустрия және сауда министрлігі
Инвестициялар комитеті Төрағасының
2005 жылғы 5 маусымдағы
№ 38-п бұйрығымен
бекітілген
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған
өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау
Ережесі
Осы инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережелері тәртібін анықтайды.
1. Осы ережелерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитеті;
2) мәлімдеуші - қызметтің басым түрлерінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық преференцияларды алуға өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;