«Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 25 мамырдағы № 138 Бұйрығы (күші жойылды)

Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 25 мамырдағы № 138 Бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 92 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың ережесі бекітілсін.

2. Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы бұйрықтың орындалуы вице-министр А.Д.Досжанға жүктелсін.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет, ақпарат және спорт

министрі міндетін атқарушының

2005 жылғы 25 мамырдағы

№ 138 бұйрығымен бекітілген

 

 

Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың

Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 16 бабы 2 тармағына сәйкес әзірленді және бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиохабарлар) арқылы жасалған (бұдан әрі - бұқаралық ақпарат құралы) тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабар жазбаларын сақтаудың тәртібін анықтайды.

2. Бұқаралық ақпарат құралында тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтау және пайдалану мақсатында мұрағат құрылады.

3. Мұрағат өз қызметін мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органының нормативтік құқықтық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдар басшысы бекіткен Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.