«Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшін А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 26 маусымдағы № 386 Бұйрығы (күші жойылды)

“Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен
жұмыстар үшін А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру
тәртібі туралы ережені бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы
26 маусымдағы № 386 Бұйрығы

 

ҚР  Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы  № 386 бұйрығымен күші жойылды

 

"Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысының 3-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшін А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртібі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Қ. Күрішбаевқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

 

С. Үмбетов

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2005 жылғы 6 маусымдағы

№ 386 бұйрығымен бекітілді

 

Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер

үшін А.И. Бараев атындағы (үш сыйлық) сыйлық

берудің тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін А.И. Бараев атындағы (үш сыйлық) сыйлық берудің тәртібі туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысының 3-1 тармағына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.