«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою туралы«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 672 Қаулысы (2005.22.10. берілген өзгерістермен)

“Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкiметтерiнiң арасындағы
Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезiндегi өзара iс-қимыл
туралы келісімге қол қою туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 672 Қаулысы

(2005.22.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2005.22.10. № 1064 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкiметтерiнiң арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезiндегi өзара iс-қимыл туралы келісімнiң жобасы мақұлдансын.

ҚР Үкіметінің 2005.22.10. № 1064 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi Шалбай Құлмахановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкiметтерiнiң арасындағы Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезiндегi өзара iс-қимыл туралы келісімге қол қоюға өкiлеттiк берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрi

Д.Ахметов