«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 1 шiлдедегi
№ 672 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 1064 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкiметтерiнiң арасында Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезiндегi өзара iс-қимыл туралы келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 1 шiлдедегі № 672 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының тақырыбындағы "арасында", "келісім жасасу" деген сөздер тиiсiнше "арасындағы", "келісімге қол қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеевке", "арасында", "келісім жасасуға" деген сөздер тиiсiнше "Шалбай Құлмахановқа", "арасындағы", "келісімге қол қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Оcы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |