“Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
тiзбесiн бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 746 Қаулысы
(2006.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 Қаулысымен күші жойылды
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесi бекітілсiн.
2. "Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік табиғат ескерткiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 877 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 24-25, 299-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
1-тармақ алынып тасталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының