«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдарды қайта атау туралы«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 760 Қаулысы (2007.12.10. берілген өзгерістермен )

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдарды қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 760 Қаулысы

(2007.12.10. берілген өзгерістермен )

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң қарамағындағы ұйымдар (бұдан әрi - ұйымдар) қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұйымдардың әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

«Органдар» деген бөлiмде:

1-тармақта:

«көлiктегi», «көлiгіндегi» деген сөздерден кейiн «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;

1) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Оңтүстiк-Шығыс өңiрлiк темір жол көлiгiндегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:»;

2) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Көлiктегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:»;

3) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Батыс өңiрлiк темір жол көлiгiндегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:»;

«Мемлекеттік мекемелер» деген бөлiмде:

2-тармақта:

1) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Оңтүстiк-Шығыс өңiрлiк темір жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, төменде санамаланған аумақтық бөлімшелерiмен бірге:»;

2) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Көлiктегi бас санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:».

4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 21 шілдедегі

№ 760 қаулысына

Қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi