Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 759 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Автомобиль көлiгiмен қауіпті жүктердi тасымалдау жөнiндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлiк құралдарына қойылатын білiктiлiк талаптарында:
2-тармақ:
«әрекеті» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-тармақ «уәкілеттi орган» деген сөздерден кейiн»(бұдан әрi - уәкiлетті орган)»деген сөздермен толықтырылсын;
"(рұқсаттың)»деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша жарылғыш немесе күшті әсер ететiн улы заттарды; азаматтық және қызметтік қаруды және оларға патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылған бұйымдарды тасымалдау кезiнде ішкі iстер органдары берген рұқсаттың бар болуы талап етіледi.»;
бірiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүк жөнелтушi (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.»;
4) тармақша «қауіп» деген сөзден кейiн «және қауіптi жүктi бейтараптандыру» деген сөздермен толықтырылсын;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қауіптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлік жүкқұжатын жасаумен расталады.
Қауіптi жүкті тасымалдау кезінде тасымалдаушының үш данада жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлік жүкқұжаты болуы тиiс.
12. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртібі уәкілетті орган бекiткен автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережесiмен айқындалады.»;
13-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
14-тармақтың бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қаулымен бекітілген қауiптi жүктердiң тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жіберілетін 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдауға тасымалдаушы қауiптi жүктi тасымалдаудың бағытын әзiрлейдi.»;
«тасымалдаудың» деген сөз «қауiптi жүкті тасымалдаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қауіппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрілетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауіпсiздігіне байланысты күтпеген жағдайлар кезiнде қауiпті жүктi тасымалдаудың келісiлген бағытын тасымалдаушы жол полициясы органымен келісім бойынша өзгертуi мүмкін.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жасап шығарушы зауыттың конструктивтi-техникалық сипаттамасы және қауіптi жүктердi тасымалдайтын көлік құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйіне Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары;";
7) тармақша «Жол қозғалысы ережесіне» деген сөздерден кейiн «және Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарына» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «жарамды» деген сөздiң алдынан «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтағы «автокөлiк құралына техникалық тексеру жүргiзген» деген сөздер «куәлiк берілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтағы төртiншi абзац «жүргізушілер үшін» деген сөздерден кейiн «жол қағазына белгi қоя отырып,»деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы қаулымен бекітілген қауiптi жүктердi тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жіберілетін 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдау бағытының бланкiсi (3-қосымша);";
8) тармақшадағы «көлiктiк» деген сөз «тауар-көлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақтың екiншi абзацында «белгi» деген сөз «тану белгiсi» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтың бірiнші абзацы «жүк жөнелтушi» деген сөздерден кейiн»(жүк алушы)»деген сөздермен толықтырылсын;
екiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй құрылыстары мен адамдардың көп шоғырланған жерiнен кемiнде 200 метр жерде немесе осыған арнайы бөлiнген жерлерде тұруға рұқсат етiледi.»;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауіпті жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарының тоқтайтын және тұратын орындары қауiптi жүктi тасымалдау бағытында көрсетiледi.»;
32-тармақтың 3) тармақшасындағы «денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкiлетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
34-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жарылғыш, тез тұтанатын, радиоактивтi, улы және басқа да қауіпті жүктердiң жөнелтушiлерi (жүк алушылары) жүктердi тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлардың алдын-алу, сондай-ақ авариялардың салдарларын жою үшiн қажеттi құралдары мен ұтқыр бөлiмшелерінің болуы жолымен оларды тасымалдау қауiпсiздiгін қамтамасыз етедi.»;
мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:
«35. Осы Ереженің сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»;
көрсетiлген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының