«Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне республикалық
мемлекеттік меншiктiң пайдаланылмайтын объектілерін кейiннен
меншікке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға
(жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 4 сәуірдегі № 327 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне республикалық мемлекеттік меншiктiң пайдаланылмайтын объектілерін кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Ереженiң 34-42-тармақтарында көзделген тәртiппен кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен коммуналдық меншiк объектілерін мүлiктiк жалға алу (жалға беру) немесе сенiмгерлiк басқару шарттарының талаптарын орындаған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншігіне берудi жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 4 сәуірдегі
№ 327 қаулысымен
БЕКIТIЛГEH
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне республикалық мемлекеттік
меншiктiң пайдаланылмайтын объектілерін кейiннен меншiкке өтеусiз
беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе
сенiмгерлiк басқаруға беру
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер