«Орман тұқымдарын, өңдеу және сақтауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 6 маусымдағы № 132 Бұйрығы (күші жойылды)

Орман тұқымдарын, өңдеу және сақтауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және
аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 6 маусымдағы
№ 132 Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 5 наурыздағы № 93 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 80-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған орман тұқымдарын, өңдеуді және сақтауды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға

 

Е. Келімсейіт

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы

комитеті төрағасының

2005 жылғы 6 маусымдағы

№ 132 бұйрығымен бекітілген

 

Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді
және сақтауды ұйымдастыру
ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді және сақтауды ұйымдастыру тәртібін реттейді.

2. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқым базасы объектілерінде (ТОТБ) жүзеге асырылады, ал олар жетіспеген жағдайда қалыпты екпелерде тұқым дайындауға жол беріледі.

Орман кодексінің 80-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес орман тұқымдарын кемістігі бар екпелерден және кемістігі бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.

3. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу және сақтау олардың селекциялық санаттары: сортты, жақсартылған, қалыпты санаттар бойынша бөлек жүргізіледі.

4. Тұқымның, ал кейіннен көшет материалының және өсірілген жасанды орман екпелерінің тегі мен генетикалық сапасының жойылуына жол бермеу мақсатында орман тұқымдарын дайындау, өңдеу және сақтау біртекті партиялармен жүзеге асырылады.

 

2. Орман тұқымдарын дайындауды ұйымдастыру тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.