20-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік
көмек туралы ақпаратты ашып көрсету
ТТК-10 түсіндірмесін қара
Осы стандарт 1984 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын жылдық қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
1999 жылғы мамырда 10-«Баланс күнінен кейінгі оқиғалар» ХБЕС-да 11-параграфқа өзгерістер енгізілген болатын. Өзгертілген мәтін 2000 жылғы 1 қаңтарда немесе ол күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын жылдық қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
2001 жылғы қаңтарда 41-«Ауыл шаруашылығы»ХБЕС-да 2-параграфқа өзгерістер енгізілген болатын. Өзгертілген мәтін 2003 жылғы 1 қаңтарда немесе ол күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын жылдық қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
ТТК-нің бір түсіндірмесінің 20-ХБЕС-на қатысы бар:
ТТК-10 «Мемлекеттік көмек - операциялық қызметпен нақты байланыстың жоқтығы».
Мазмұны
20-ХБЕС Халықаралық стандарты
Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек т
уралы ақпаратты ашып көрсету
Монетарлық емес мемлекеттік субсидиялар
Активтерге қатысы бар субсидиялар туралы ақпарат беру
Табысқа қатысы бар субсидиялар туралы ақпарат беру
Мемлекеттік субсидияларды қайтару
20-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік
көмек туралы ақпаратты ашып көрсету
20-«Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты (20-ХБЕС) 1-41-параграфтарда баяндалған. Барлық параграфтардың күші бірдей, бірақ ХБЕСК стандартының форматын сақтайды, ал бұл стандартты ХБЕСБ қабылдаған. 20-ХБЕС-ын «Қаржы есептілігінің халықаралық стандартына алғысөзге» және «Қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну тұжырымдамасына» сабақтастыра оқу керек. Олар егжей-тегжейлі басшылық жоқ кезде есеп беру саясатын таңдау мен қолдану үшін негіз қамтамасыз етеді.