10-ТТК түсіндірмесі Мемлекеттік көмек - операциялық қызметпен нақты байланыстың жоқтығы

ТТК Түсіндірмелер жөніндегі

тұрақты комитет

10-ТТК
түсіндірмесі
 
Мемлекеттік көмек - операциялық қызметпен
нақты байланыстың жоқтығы

   1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес».  ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.

   Базалық стандарт: 20-«Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету»ХБЕС.

МӘСЕЛЕ

1.      Кейбір елдерде кәсіпорындарға мемлекеттік көмек белгілі бір аймақтарда немесе экономика секторларында іскерлік белсенділікті ынталандыруға немесе ұзақ мерзімді қолдауға бағытталған. Ондай көмек алу шарттары кәсіпорынның нақты операциялық қызметімен байланысты болмауы мүмкін. Сондай көмек мысалдары мемлекеттің ресурстарды:

(а)    нақты салада жұмыс істейтін;

(b)    жақында жекешелендірілген салаларда жұмысын одан әрі жалғастыратын; немесе

(с)     нашар дамыған аудандарда бизнесті жүргізе бастайтын немесе жалғастыратын кәсіпорындарға беруі болып табылады. 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.