«Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың есебін
ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадағы № 332 қаулысына толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы
28 мамырдағы № 161 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.25.02. № 43 Қаулысымен күші жойылды
Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың есебін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 332 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3336 тіркелген, Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" және "Финансовый вестник" басылымдарында № 2 (14/2005 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың есебін ұсыну ережесіне:
1005-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1006 Жолдағы жол чектеріндегі ақша";
1008-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1009 кассадағы қымбат емес металдардан жасалған коллекциялық монеталар";
1052-шоттан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1054 Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша
шығынды жабуға арналған арнайы резервтер (провизиялар)
1104-шоттан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1105 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналасқан
салымдар бойынша дисконт
1106 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналасқан
салымдар бойынша сыйлықақы";