(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 ж. 3 тамыздағы № 300 қаулысы

Осы редакция  2005 ж. 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Банк қызметін реттейтін заңдарды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Ең аз резервтік талаптар туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Г.А. Марченко

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар

туралы ережені бекіту жөнінде"

2002 жылғы 3 тамыздағы № 300 қаулысымен

бекітілген

Ең аз резервтік талаптар туралы ереже

Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің ең аз резервтік талаптарды орындауының тәртібін белгілейді.

1. Ең аз резервтік талаптардың мөлшері резервтік талаптар нормативінің мәнін өтелу (толық немесе ішінара) мерзімі ағымдағы және одан кейінгі айларда басталатын банктің міндеттемелерінің көлеміне көбейту жолымен анықталады.

Резервтік талаптар нормативінің мәнін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) белгілейді.

2. Міндеттемелер:

клиенттер депозиттерінің;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.