Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы
(2025.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2026 ж. 16 қаңтардағы № 258-VIII Заңымен 2026 ж. 19 наурыздан бастап күші жойылады, бұған мыналар қосылмайды:
2026 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды деп танылатын 16-баптың 2-тармағының 1), 1-1) тармақшаларын және 3-тармағын, 16-3-баптың 2 және 3-тармақтарын, 17-баптың 2 және 4-тармақтарын, 17-2, 31-1 және 48-1-баптарды, 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасын, 6-1, 7-2 және 8-тарауларды;
2027 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 40-1, 40-2, 40-3, 40-4-баптарды, 50-баптың 7-2-тармағы
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі);
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi, кіріспе алып тасталды
I Бөлiм. Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-1-бап. Банктің үлестес тұлғалары
3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi
4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы
4-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы
5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым
5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым
6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
7-бап. Банкiлер мен мемлекеттің жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi
8-бап. Банктер мен банк холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет
8-1-бап. Мәмілелер жасасу кезінде банктерге қойылатын шектеулер
9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу
10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары)
10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да бірлестiктер
2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру
13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi
13-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу
14-бап. Банкінің құрылтай құжаттары
15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы
16-2-бап. Мерзімсіз қаржы құралдары
17-1-бап. Банк холдингі және банктің ірі қатысушысы
17-2-бап. Банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері
18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi
19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiш
20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
21-бап. Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар
23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi қарау тәртібі
24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
25-бап. Банкті мемлекеттiк тiркеу, микроқаржы ұйымын банк етіп қайта тіркеу
26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау
28-бап. Банкінің құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
3-тарау. Тақырыбы алып тасталды
31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар
32-бап. Банкінің банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөніндегі мiндетi
33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты
34-бап. Банктік қарыз операциясы
34-1-бап. Жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз беру ерекшеліктері
35-бап. Кредиттердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету
36-1-бап. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тəртібі
37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі
38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру
39-бап. Мөлшерлемелер мен тарифтер
40-2-бап. Банк омбудсманына қойылатын талаптар
40-3-бап. Банк омбудсманының шешім қабылдау тәртібі
40-4-бап. Банк омбудсманының қызметі
40-5-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
4-тарау. Банктердің қызметін реттеу
41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi
42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
42-1-бап. Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер
43-бап. Провизиялар (резервтер)
45-бап. Ертерек ден қою шаралары
45-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
45-2-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
46-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
47-1-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
48-1-бап. Банкті лицензиядан айырудың салдарлары
49-бап. Алып тасталды
51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке тыйым салу және олардан өндiрiп алу
52-бап. Алып тасталды
4-1-тарау. Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері
52-1-бап. Ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптар
52-2-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі
52-4-бап. Ислам банкінің жарғысына қойылатын қосымша талаптар
52-5-бап. Ислам банкінің банк операциялары және өзге де операциялары
52-6-бап. Ислам банкінің депозиттері
52-7-бап. Ислам банкінің бағалы қағаздарды шығару ерекшеліктері
52-10-бап. Инвестициялық қызметті лизинг (жалдау) талаптары бойынша жүзеге асыру
52-11-бап. Ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезінде агенттік қызметті жүзеге асыру
4-2-тарау. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру
52-13-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру ұғымы
52-14-бап. Уәкілетті органның банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсаты
52-15-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
52-16-бап. Банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіндегі оның қызметі
53-бап. Банкінің қаржы (операция) жылы
54-бап. Банктердегi есепке алу және есептілік
54-1-бап. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің есептілігі
55-бап. Банк және банк холдингі қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
56-бап. Құжаттарды есепке алу және сақтау
6-тарау. Банктерге және олардың үлестес тұлғаларына аудит
57-бап. Банктерге және олардың үлестес тұлғаларына аудит
58-бап. Алып тасталды
59-бап. Алып тасталды
6-1-тарау. Банкті қайта құрылымдау
59-1-бап. Банкті қайта құрылымдау ұғымы
59-2-бап. Банкті қайта құрылымдаудың негізі мен қағидаттары
59-3-бап. Банкті қайта құрылымдаудың жалпы шарттары
7-тарау. Банктердi және банк холдингтерін ерiктi түрде қайта құру
60-бап. Банктерді (банк холдингтерін) ерiктi түрде қайта ұйымдастырудың жалпы шарттары
60-1-бап. Банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру ерекшеліктері
61-бап. Банкті және банк холдингін ерiктi түрде қайта құруға рұқсат беруден бас тарту
7-1-тарау. Банк қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар
61-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік бер
61-5-бап. Банктік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үздіксіздігін қамтамасыз ету
61-7-бап. Банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу
61-8-бап. Төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөніндегі шаралар
61-10-бап. Төлемге қабілетсіз банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау
61-13-бап. Төлемге қабілетсіз банктің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару
8-тарау. Банкті және банк холдингін консервациялау
62-бап. Банкіні консервациялау ұғымы
63-бап. Банкіні басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы)
64-бап. Банкіні консервациялауды жүргiзу туралы қаулы
67-бап. Консервациялауды тоқтату
67-1-бап. Банктің бас ұйымы болып табылатын банк холдингін консервациялау
9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру
68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi
68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер кредиторларының комитеті
70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi
71-бап. Банктi банкрот деп тану
72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату
73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен тәртібі
74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы
74-1-бап. Банктердi тарату кезіндегі тарату, конкурстық массасын қалыптастыру ерекшелiктерi
74-2-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі
74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi
74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату процесіндегі бақылау өкiлеттiктерi
74-5-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату
10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
78-бап. Осы Заңның күшiне енуi
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкаларды», «ставкасының», «ставкалар», «Ставкалар», «ставкалары», «ставкасын», «ставкасы», «ставкасына», «ставканың», «ставкаларын» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемелер», «Мөлшерлемелер», «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесіне», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемелерін» деген сөздермен, «процентінен», «процентін», «процентімен», «процент», «проценттен», «проценті», «проценттік», «процентсіз» деген сөздер тиісінше «пайызынан», «пайызын», «пайызымен», «пайыз», «пайыздан», «пайызы», «пайыздық», «пайызсыз» деген сөздермен, «аффилиирленген», «аффилиирленгені», «аффилиирлендірілген» деген сөздер тиісінше «үлестес», «үлестестігі», «үлестес» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландырудың», «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың», «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
I Бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi
1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертiлдi
2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі - Корпорация) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен (қайта тіркеумен) және банк операцияларын жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) лицензиясының болуымен айқындалады.
3. Банкінің ресми мәртебесi жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Қазақстан Республикасында қалқа-банктерді құруға немесе олардың қызметіне тыйым салынады.
4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1-бап. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Банк қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, Қазақстан Республикасында тұрақты банк жүйесін құру мен ұстап тұру, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру, депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты банк секторын құру мен ұстап тұру жəне Қазақстан Республикасы банк секторының инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының банк секторын реттеу, банк қызметін бақылау жəне қадағалау;
3) депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
3. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың қызметін реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылар қызметінің жəне қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың жауапкершілігі.
11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап жаңа редакцияда; 06.03.97. № 83-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілдi; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
бір тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу пайызынан астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның заңды тұлға акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;
заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы - сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қолданылатын интернет-ресурс;
2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) банкаралық клиринг - төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізу және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) банк конгломераты - банк холдингінен (бар болса) және банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк қомақты түрде қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;
Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі, сондай-ақ капиталына еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын ұйымдар кірмейді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3-1) банктің субординарлық борышы - осы Заңның 16-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін, банктің шығарылған облигациялар немесе алынған қарыз бойынша қамтамасыз етілмеген міндеттемесі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3-2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) - банктік және өзге де қызметтер көрсетілетін, аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;
5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;
7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ұлттық почта операторына олардың алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз толық немесе бөліп-бөліп тікелей депозиторға қайтарылуы не тапсыру бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиіс не тиіс емес екеніне қарамастан, оларды номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозитті қоспағанда) қайтару талабымен беретін ақша;
9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;
10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызын иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам пайызын тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам пайызымен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) мамандандырылған салалық банк - қызметі Қазақстан Республикасының жеке заңнамалық актісімен реттелетін екінші деңгейдегі банк;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)