«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 13 тамыздағы № 226-ө Өкімі

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 13 тамыздағы
№ 226-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 2 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) екi ай мерзiмде тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi, бекітудi және қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберудi қамтамасыз етсiн және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсін.

 

Премьер-Министрдің

 

 

                                       Қазақстан Республикасы

                                         Премьер-Министрінің

                                       2005 жылғы 13 тамыздағы

                                            № 223-ө өкімімен

                                                бекiтілген

 

"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан

Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын

iске асыру мақсатында қабылдануы қажет

нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі

 

 

* Шартты белгiлер мен қысқартулар:

ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі

СIМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі

ІІМ - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі

ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетi