«Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын
растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер
тағайындау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының
2005 жылғы 29 маусымдағы № 288 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 26 маусымдағы № 428 бұйрығымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес және қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындауды ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары А.Г. Хорунжийге жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
| М. Ысқақов |
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 29 маусымдағы
№ 288 бұйрығымен бекітілген
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының
дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің
жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындау ережесі