ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ИММУНИТЕТТЕРI ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ (Ташкент, 17 маусым 2004 ж. )

Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы
Конвенция
(Ташкент қ., 17 маусым 2004 ж)

 

2005 ж. 15 желтоқсандағы № 102-III ҚР Заңымен ратификацияланды

2007 жылғы 4 қазанда күшіне енді

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше мемлекеттерi (бұдан әрi Тараптар деп аталады),

халықаралық құқықтың жалпы көпшiлiк таныған принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясының 19-бабының қағидаларын негiзге ала отырып,

төмендегілер туралы келiстi:

 

1-бап

 

Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген анықтамалар мыналарды бiлдiредi:

1) «Хартия» - Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясы;

2) «ШЫҰ» немесе «Ұйым» - Шанхай ынтымақтастық ұйымы;

3) «мүше мемлекет» - ШЫҰ-ның мүше мемлекетi;

4) «өкiлдiк орналасқан мемлекет» - аумағында тұрақты жұмыс iстейтiн ШЫҰ органының штаб-пәтерi немесе оның бөлiмшесi орналасқан мүше мемлекет;

5) «ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтін органдары» - ШЫҰ-ның Хатшылығы мен ШЫҰ-ның ААТҚ;

6) «Хатшылық» - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн әкiмшілiк органы болып табылатын ШЫҰ Хатшылығы;

7) «ААТҚ» - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн органы болып табылатын ШЫҰ-ның Аймақтық антитеррорлық құрылымы;

8) «ААТҚ кеңесі» - ААТҚ органы;

9) «Атқарушы комитет» - ААТҚ органы;

10) «Атқарушы хатшы» - ШЫҰ-ның Атқарушы хатшысы;

11) «Директор» - ААТҚ-ның Атқару комитетiнің директоры;

12) «лауазымды тұлғалар» - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарына жұмыс iстеу үшін Тараптар жіберетiн және тиiсті штаттық қызметке тағайындалған тұлғалар;

13) «тұрақты өкіл» - мүше мемлекеттің ШЫҰ Хатшылығы жанындағы тұрақты өкілі;

14) «мүше мемлекеттердiң өкiлдері» - Ұйымның шеңберінде өткiзiлетін мәжілістерге және іс-шараларға мүше мемлекеттер жiберетiн делегациялар басшылары, олардың орынбасарлары, делегаттар, кеңесшiлер, техникалық сарапшылар және делегациялардың хатшылары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.