«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы
№ 3223 өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 103 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 857 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы № 3223 өкімін орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Ұлттық лотереясы туралы ереже;
Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) туралы ереже бекітілсiн.
2. Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрлерiне лицензия алған ұйымдастырушылар - заңды және жеке тұлғалар 1997 жылдың 15 сәуiрiне дейiн өздерiнiң қызметтiң осы түрiне арналып бекітілген біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп Кеңестiң қатысуымен кейбір заң актілерінiң тиiстi лицензиясыз лотереялар өткізуден алынған табыстарды алып қою бөлiгiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзiрлесiн;
үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу саласында жасалған жұмыстар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп тапсырсын.
4. Мемлекеттік салық комитетi мен Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесе отырып Кеңестiң қатысуымен ұлттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу жөнiнде шешiм қабылдануына байланысты "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 мамырдағы № 2235 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж, № 6, 43-құжат) және "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж, № 13) Заң күшi бар Жарлықтарына енгiзiлетiн тиiстi өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзiрлесiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Кеңеске оның қызметiн қамтамасыз ету мақсатында қажеттi үй-жай беретiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөніндегі ұлттық агенттiгiне Кеңеспен бiрлесiп ұлттық лотереяны кеңiнен жарнамалауды ұйымдастыру ұсынылсын.
7. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер және өзге де орталық және жергiлiктi атқару органдары ұлттық лотереяларды таратуда қажеттi жәрдем көрсетсiн.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) 1-қосымшасына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
реттiк нөмiрi 18 және 27 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасының Республиканың барлық Үкіметі аумағында лотереяларды (мемлекеттіктен басқа) ұйымдастыру және өткізу;
27. Облыстардың және Алматы Қоғамдық тамақтандыру қаласының әкiмдерi пункттерiнiң қызметi Бас тiгулер мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу Май құю станцияларын ұстау және пайдалану".
9. "Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік лотереяларды өткізу мен ұйымдастырудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1344 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.