(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

“Мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың қатысуымен
сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу
ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық
реттеу және метрология жөніндегі комитет Төрағасының 2005 жылғы
13 мамырдағы № 136 Бұйрығы

 

Осы редакция 2005 ж. 18 тамыздағы  енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске ауру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу ережесi бекітілсiн.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдiұлы Момышевқа жүктелсiн.

3. Осы бұйрық оның бiрiншi ресми жарияланғаннан бастап он күнтiзбелiк күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

 

Төраға

 

А. Құсайынов

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда министрлігінің

Техникалық реттеу және метрология

жөніндегі комитет Төрағасының

2005 жылғы 13 мамырдағы № 136

бұйрығымен бекітілді

 

Мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі техникалық

комитеттер және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен

сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу

ережесі

 

Осы ереже Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының 7-бабына сәйкес әзірленген және сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың өзара әрекеттерін белгілейді.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - ол арқылы аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы екенін ресми танитын рәсім;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.