«Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға
арналған тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы № 862 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы № 965 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 397 қаулысымен бекітілген "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған «Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры» акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтілсiн.
2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделi ұйымдар (келісім бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды iске асыру жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жылына екi рет есептiк жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25 күнiне Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнің
2005 жылғы 22 тамыздағы
№ 862 қаулысымен
Бекітілген
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік
қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Ескерту:
"ШКДҚ" АҚ-тың жеке қаражаты есебiнен 2006-2007 жылдарда іс-шараларды iске асыруға көзделген шығыстар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте "ШКДҚ" AҚ-ты капиталдандыруға бөлінетін қаражатты ескере отырып нақтылауға жатады;
* - 2006-2007 жылдарға арналған шығыстардың болжамды сомасы "ШКДҚ" АҚ-тағы микрокредит беру орталығының жұмыс істеуi үшін көзделген;
** - 2005 жылға арналған шығыстардың болжамды сомасы қосымша бюджеттік қаржыландыруды талап етедi;
*** - 2006-2007 жылдарға арналған шығыстардың болжамды сомасы тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтылауға жатады;
**** - 2005-2007 жылдарға арналған болжамды шығыстар сомасы "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-тың Директорлар кеңесiнiң мәжілісінде тиiсті жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын қалыптастыру кезiнде нақтылауға жатады;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
"ШКДҚ" АҚ - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
МҚ - "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" акционерлік қоғамының жеке меншiк қаражаты;
КҚО - кәсiпкерлiкті қолдау орталығы;
ШКС - шағын кәсіпкерлiк субъектiсі;
РБ - республикалық бюджет.