«Аңшы куәлігінің арнайы мөрі туралы ереже»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы
31 қаңтардағы № 29 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аңшы куәлігінің арнайы мөрі туралы ереже бекітілсін.
2. Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларының бастықтары;
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы мөрді жасатсын және тіркетсін;
2) бұйрықпен арнайы мөрді сақтауға және оны пайдалануға жауапты тұлғаларды тағайындасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Н. А. Хадыркеевке жүктелсін.
Төраға
| Е. Келімсейіт |
Аңшы куәлігінің арнайы мөрі туралы ереже