Қазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 бұйрығы
(2007.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығымен күші жойылды
2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Н.А. Хадыркеевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.