«Жекелеген кедендік режимдер шеңберіндегі кедендік бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 17 тамыздағы № 310 бұйрығы (күші жойылды)

«Жекелеген кедендік режимдер шеңберіндегі кедендік бақылау туралы»
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы
№ 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 17 тамыздағы № 310 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 236 және 242-баптарына сәйкес, арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелінетін тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік заңнамаларға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жекелеген кедендік режимдер шеңберіндегі кедендік бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2272 болып тіркелген, «Ресми газетте» 2003 жылғы 16 тамызда № 33 (138) болып жарияланған) 2003 жылғы 7 мамырдағы № 187 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

барлық мәтін бойынша «Агенттік» деген сөз «Комитет» деген сөзбен ауыстырылсын, «кедендік бақылау» деген сөздерден кейін «Қаржы министрлігі» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.»;

аталған бұйрықпен бекітілген Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік режимінде кедендік ресімдеу ережесі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.