«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін сәйкес келтіру мақсатында, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов):
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.