«Шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға Рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы Нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1994 жылғы 4 сәуірдегі № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 438 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығымен күші жойылды
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай жасайтын нормаларды болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға Рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы Нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1994 жылғы 4 сәуірдегі № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 97 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтағы «Облыстық ішкі істер басқармаларының, Алматы қалалық ішкі істер Бас басқармасының және Ленинск қалалық ішкі істер басқармасының» деген сөздер «Облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген Шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға Рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы Нұсқауда:
барлық мәтін бойынша: