Шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға Рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы Нұсқауды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінiң 1994 жылғы 4 сәуiр № 92 бұйрығы
(2005.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығымен күші жойылды
1. Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Нұсқау бекітілсiн.
Ішкі істер министрлігінің 2005. 18. 07. № 438 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
а) шекаралық аймаққа келуге рұсқаттама мен рұқсат беруге және онда келу, болу, тiркелу ережелерiн сақтауға бақылау жасауда қатысы бар iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң нұсқауды оқып бiлуiн;
ә) меншiк нысанына қарамастан мекемелердiң, ұйымдардың мүдделi адамдарымен құжаттарды ресiмдеу және рұқсаттама мен рұқсат алу тәртібі туралы түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
3. КСРО IIМ-нiң 13 қазан 1983 жылғы № 0285 Бұйрығының күшi жойылды деп саналсын.
Министрдiң бiрiншi орынбасары
милиция генерал-майоры
Ұлттық қауiпсiздiк Комитетiмен
2 көкек 1994 жылы келісілдi
Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға
рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы
Нұсқау
Ішкі істер министрлігінің 2005. 18. 07. № 438 бұйрығымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 1993 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қабылдаған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында тиiстi тәртiп орнатуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі шекаралық аймақ пен шекаралық белдеудi белгiлейдi.
2. Аумағында шекаралық аймақ белгiленетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер: