«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған кезекті
сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»
Қазакстан Республикасының Орталык, сайлау комиссиясының
2005 жылғы 8 қыркүйектегі №13/27 қаулысы
Қазақстан Республикасының" Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса берілген Күнтізбелік жоспары бекітілсін (бұдан әрі — Күнтізбелік жоспар).
2. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Күнтізбелік жоспар бұкаралық ақпарат құралдарында жария етілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының төрағасы | О. Жұмабеков
|
Орталык сайлау комиссиясының
2005 жылғы 8 кыркүйектегі
№ 13/27 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған кезекті
сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну.
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен. Сайлау жарияланған күннен кейінгі күні — 2005 жылғы 8 қыркүйекте басталады және сайлау өткізілетін күнге екі ай қалғанда — 2005 жылғы 3 қазанда аяқталады.
(55-бап)
2. Кандидаттын назарына оның Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу.
Республикалық коғамдық бірлестіктердін жоғары органдары.
2005 жылғы 8 қыркүйек — 3 қазан аралығындағы кезенде.
(55-бап 2-тармақ, 3-тармақ 1) тармақша)