«Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, сатылатын жүктерді есепке алу мен олар үшін есеп айырысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 224-І Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, сатылатын жүктерді есепке лу мен олар үшін есеп айырысу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 224-І Бұйрығы

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесі;

2) Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жүктерді тасымалдау, сатылатын жүктерді есепке алу мен олар үшін есеп айырысу ережесі бекітілсін.

2. Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б. Әбілғазинге жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің міндетін атқарушының

2005 жылғы 28 маусымдағы

№ 224-І бұйрығымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша

жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі су көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін реттейді.

2. Осы Ереженің күші жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын барлық тұлғаларға таралады.

 

2. Жолаушылар мен багажды тасымалдау

 

3. Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жолаушылар мен багажды тасымалдау шартының негізінде жүргізіледі.

4. Жолаушыларды тасымалдау, тасымалдаушы ұсынатын оның шарттарына, ұзақтығына, ұзындығына және сапасына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

көліктік;

туристік;

экскурсиялық.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.