22-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
Бизнес бірлестіктері
ТТК-9, ТТК-22, ТТК-28 түсіндірмелерді қара
22-«Бизнес бірлестіктерін есепке алу» ХБЕС 1983 жылғы қарашада бекітілген болатын.
1993 жылғы желтоқсанда 22-ХБЕС қаржы есептілігінің салыстырмалығы және оны жақсарту жөніндегі жобаның бір бөлігі ретінде қайта қаралған болатын. Ол 22-«Бизнес бірлестіктері» ХБЕС-ы деп аталатын болды (22-ХБЕС (1993 жылғы редакция)).
1996 жылғы қазанда 22-ХБЕС-ның 39(і) және 69-параграфтары (яғни осы стандарттың 39(і) және 85-параграфтары) 12-«Пайдаға салынатын салықтар» ХБЕС-ына сәйкестендіру мақсаттарында қайта қаралған болатын. Бұл өзгерістер 1998 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
1998 жылғы шілдеде 22-ХБЕС-ның түрлі параграфтары 36-«Активтердің құнсыз-дануы» ХБЕС, 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ХБЕС және 38-«Материалдық емес активтер» ХБЕС-на сәйкестендіру мақсаттарында қайта қаралған болатын, теріс гудвиллды тәртібі де қайта қаралды. Қайта қаралған стандарт (22-ХБЕС (1998 ж. редакция)) 1999 жылғы 1 шілдеден немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
1998 жылғы қазанда ХБЕС комитеті 38-«Материалдық емес активтер» ХБЕС-ы және 22-ХБЕС-ы (1998 жылғы редакция) үшін «Тұжырымдар үшін негізді» жеке жариялаған болатын.
1999 жылы 97-параграфқа өзгерістер енгізіліп, солардың нәтижесінде 10-«Шаруашылық қызметінің шартты фактілері және есепті күннен кейінгі оқиғалар» ХБЕС-на сілтемелер орнына 10-«Баланс күнінен кейінгі оқиғалар» ХБЕС-на сілтемелер енгізілген болатын. Сонымен қатар, 30 және 31(с)-параграфтары 10-ХБЕС-на сәйкестендіру мақсатында өзгертілген болатын. Өзгертілген мәтін 2000 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
ТТК-нің төмендегі түсіндірмелері 22-ХБЕС-на қатысты:
• 9-ТТК «Бизнес бірлестіктері - мүдделерді сатып алу немесе біріктіру ретінде жіктемелеу»