«Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 260-ө Өкімі
1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 20 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Тiзбеге сәйкес:
1) «Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты өзiнiң кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуға мүмкiндiк бермейтіндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының жобасын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын;
2) тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметін хабардар етсiн.