«Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 тамыздағы № 504 бұйрығы (күші жойылды)

Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің  2005 жылғы 23 тамыздағы № 504 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен күші жойылды

 

Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу кезінде ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесі бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары ІІД-нің бастықтары жол полициясы қызметкерлерінің Ереже талаптарын зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж. Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Ө.Т. Түсімов) жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2005 жылғы 23 тамыздағы

№ 504 бұйрығымен бекітілген

 

 

Сенімхат негізінде көлік құралдарын пайдаланатын

адамдарды тіркеу және есепке алу

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде (бұдан әрі - жол полициясы бөлімшелері) сенімхаттар негізінде көлік құралдарын пайдаланатын адамдарды (бұдан әрі - сенімді адамдар) тіркеудің және есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілейді.

2. Сенімді адамдарға белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

 

2. Жұмысты ұйымдастыру

 

3. Сенімді адамдарды тіркеу және есепке алу "Сенімхат" автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесін (бұдан әрі - ААІЖ) құру арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) Ақпараттандыру және байланыс департаментінің (бұдан әрі - АжБД) автоматтандырылған деректер банкі бойынша, сондай-ақ тіркеу фактісі бойынша көлік құралдарын автоматты түрде тексеру орындалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.