Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 17 қыркйектегі № 925 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасындағы «қызметтiң кiшi түрлерiнiң сыныптауыш» деген сөздер «экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдiк келісім-шартта:
2) тармақшадағы «келісім-шартқа қол қоюға» деген сөздер «келісім-шарт жасасуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша «инвестициялық дауларды» деген сөздерден кейiн «сотқа дейiнгi тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қазақстандық кадрлардың білiктілiгiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргізуге;»;
8) тармақшадағы «қолдануға» деген сөзден кейiн «;» белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Келісiм-шарттың қолданысы мерзiмiнiң ішiнде Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтердi иеліктен шығармауға және жалға бермеуге»;
11-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Келісім-шарт жағдайларының сақталуына мониторинг және оны бақылау»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Келісім-шарт жасасқаннан кейiн инвестор уәкiлетті органға:
1) тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың жиырма бeci күнінен кешiктірмей статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша инвестициялық жобаны iске асыру туралы есептi;
2) жыл сайын бiрiншi маусымнан кешіктірмей:
статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша бір жылғы есептi және оған түсiндiрме жазбаны;
тiркелген активтердi пайдалануға берудi растайтын құжатты;
аудиторлық есеппен расталған:
инвестициялық қызмет нәтижесiнде болған кiрiстер мен шығыстар туралы есептi;
бір жыл iшіндегі бухгалтерлік теңгерімді;
тiркелген активтердiң толық жазылуын ұсынады.
Аудиторлық есеп өткен жылғы қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерiн талдауды және келісім-шарт бойынша инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
21. Уәкілеттi орган келісім-шарт жағдайларының сақталуына мониторингтi және оны бақылауды өзі бекiткен тәртiппен тексерудiң мынадай нысандарында жүзеге асырады:
1) инвестициялық жобаларды iске асыру туралы есеп беру;
2) ұсынылған аудиторлық есептер негізiнде;
3) инвестициялық қызмет объектiсiне барып, оның iшiнде инвестициялық жобаны iске асыру жөніндегі құжаттарды қарап.";
33, 34, 35, 36, 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Уәкілетті орган келісім-шарт жасасқан инвесторға бұл туралы жазбаша түрде хабарлаған сәттен бастап үш ай өткеннен кейiн мынадай жағдайларда келісім-шартты бiржақты тәртiппен бұза алады:
1) инвестор ұсынған және инвестициялық преференциялар беру жөнiндегі шешiмге ықпал ететін мәліметтердің бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған кезде;
2) инвестор келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған кезде;
3) Келісім-шарттың 20-тармағына сәйкес инвестордың есеп бepудегі мәлiметтердi бұрмалағаны немесе жасырғаны анықталған кезде.
Бұл жағдайларда көрсетiлген инвестор келісім-шарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұл санкцияларын қолдана отырып төлейдi.
34. Инвестордың бастамасы бойынша келісім-шарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi.
35. Келісім-шарт тараптардың келісімi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын төлейдi.
36. Келісім-шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор өзiне мемлекеттік заттай грант ретінде берілген мүлiктi заттай не келісім-шарттың талаптарына сәйкес оның берілген күнгі бастапқы құнын қайтарады.
37. Мемлекеттік заттай грантты қайтаруды инвестор уәкiлеттi органның келісім-шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешімі қабылданғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде жүзеге асырады.";
2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференциялар берілетін қызметтің кiшi түрлерiнiң сыныптауыш деңгейiнде қызметтің басым түрлерiнiң тiзбесi осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды уәкілеттi орган беретiн инвестициялардың ең жоғарғы көлемi және инвестициялық салық преференцияларының қолдану мерзiмдерi осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.