Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының
кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын
акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз
ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 28 қаңтардағы № 137 қаулысы
(2005.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2005 ж. 5 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-2-қосымшаларға сәйкес 2000 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне акциз ставкалары белгіленсін.
2. 3-қосымшаға сәйкес 2000 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің