Ақпараттық жүйелердi, ақаараттық технологияларды және оларды қамтамасыз
ету құралдарын кеден мақсаттары үшін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің
2003 ж. 22 мамырдағы № 227 бұйрығы
(ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 22.07.03 ж. № 357 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 5 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 424-бабына сәйкес ақпараттық жүйелердiң және ақпараттық технологиялардың кеден операцияларын жасау кезiнде пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн, бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн қолдану ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктеледi.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төрағаның міндетін
| атқарушы | Сапарбаев Б.М. |
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
22 мамырдағы № 227 бұйрығымен
бекітілген
Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және
оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн
қолдану ережесi
1. Жалпы ережелер