Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы
№ 178 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2005 жылғы 23 қыркүйектегы № 482 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 бұйрығымен күші жойылды
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2737 тіркелген, 2004 жылғы 10 сәуірдегі № 15 «Официальная газетада» жарияланған «Актілердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 178 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
бүкіл мәтін бойынша:
«халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзу туралы» деген сөздер тиісінше «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы» деген сөздер тиісінше «әкімшілік жаза қолдану туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар.»;
екінші абзацта:
«және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымға» деген сөздер алынып тасталсын;
«қол қояды» деген сөздер «қол қойылады» деген сөздермен ауыстырылсын»;