Актілердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын және
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 ж. 23 ақпандағы № 178 бұйрығы
(2006.18.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Актілердің, хаттамалардың, қаулылар мен ұйғарымдардың нысандары;
2) Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Досқалиев Ж. |
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 23 ақпандағы
"Актілердің, хаттамалардың,
қаулылардың, ұйғарымдардың
нысандары мен Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың актілерді
жасау және беру ережесін
бекіту туралы"
№ 178 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесі
ҚР Денсаулық сақтау министрдің м. а. 2005.23.09 № 482 бұйрығымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Ереже мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті актілерді жасау және беру тәртібін белгілейді.
ҚР Денсаулық сақтау министрдің м. а. 2005.23.09 № 482 бұйрығымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)