Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 қазандағы № 1003 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 21, 270-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Арал өңiрінің проблемаларын кешендi шешу жөніндегi 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламада:
"1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлiмде:
"Мiндеттерi" деген жолдағы "қоныс аудару iс-шараларын ұйымдастыру" деген сөздер "халыққа әлеуметтiк көмек көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қаржыландыру көздерi" деген жолдағы "44796,56 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 10693,41 млн. теңге, 2005 жылы - 16077,09 млн. теңге, 2006 жылы - 18026,06 млн. теңге" деген сөздер "31928,4 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 11120,9 млн. теңге, 2005 жылы - 13073,2 млн. теңге, 2006 жылы - 7734,3 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер" деген жолдағы "республикалық бюджет қаражаты есебiнен 7 туберкулезге қарсы аурухана және диспансер, 11 мектеп, 9 бас және шаруашылықаралық арна, 9 су қоймасы, 1 коллектор және басқа да объекттер салынады немесе қайта құрылады" деген сөздер "республикалық бюджет қаражаты есебiнен 10 туберкулезге қарсы аурухана мен диспансер, 2 орталық аудандық аурухана, 2 емхана, 1 перзентхана, 19 мектеп салынады немесе құрылысы басталады, 12 магистральды және шаруашылықаралық арна, 1 су қоймасы, 1 коллектор және басқа да объектілер қайта құрылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2. Кiрiспе" деген бөлiмнiң төртiншi абзацындағы "қоныс аудару iс-шараларын ұйымдастыруды" деген сөздер "халыққа әлеуметтiк көмек көрсетудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi" деген бөлiмнiң сегiзiншi абзацындағы "қоныс аудару шараларын ұйымдастыру" деген сөздер "халыққа әлеуметтiк көмек көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
"5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi" деген бөлiмде:
бiрiншi абзацтағы "қоныс аудару іс-шараларын пысықтау" деген сөздер "халыққа әлеуметтiк көмек көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
"5.1. Экологиялық ахуалды оңалту" деген кiшi бөлiмде:
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"2006 жылдан бастап Сырдария өзенінiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнің солтүстiк бөлігін сақтау жөніндегi жобаны iске асыру - 2 кезең;
Қызылорда облысының бас ағызу құрылысы бар Қараөзек сағасын қайта жаңарту;";
бесiншi абзац алынып тасталсын;
"5.2. Халықты сауықтыру, әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту және сапалы ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз ету" деген кiшi бөлімде:
алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақтөбе облысында Қандыағаш, Шалқар қалаларында және Шұбарқұдық кентiнде туберкулезге қарсы ауруханалар, Байғанин ауылында аудандық аурухана, Шалқар қаласында емхана, Тасқопа, Кеңесту, Мөңке би, Байқадам ауылдарында мектептер салу;
Қызылорда облысында Жосалы кентiнде туберкулезге қарсы диспансер, Арал қаласында, Тереңөзек және Әйтеке би кенттерiнде туберкулезге қарсы ауруханалар, Жаңақорған кентiнде орталық аудандық аурухана, Арал қаласында емхана, Қызылорда және Арал қалаларында, Ақтөбе, Тартоғай, Бесарық, Сұлутөбе ауылдарында, Төретам және Жақсықылыш кенттерiнде мектептер салу;
Оңтүстік Қазақстан облысында Түркiстан қаласында туберкулезге қарсы диспансер, Арыс қаласы мен Шәуілдiр ауылында туберкулезге қарсы ауруханалар, Шолаққорған ауылында перзентхана, Шолаққорған, Мелдеби, Ортақ, Шорнақ, Жуантөбе, Арыс ауылдарында, Новостройка бөлімшесiнде мектептер салу.";
тоғызыншы абзацтағы "11 мектеп салу" деген сөздер "19 мектеп салу және құрылысын бастау" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацтағы "және "Ырғыз-Тельман-Коминтерн" магистральды су аққысын" деген сөздер алынып тасталсын;
он төртiншi абзацта:
", Қаратерең кентiнде "Струя" су тазарту қондырғысын, Шиелі кентiнде тарату желілерiн салуды," деген сөздер "салуды жүзеге асыру, Қазалыны (Жаңа Қазалыны) сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, Шиелі ауданының Жиделi су аққысына қоса отырып, жаңа Бекет-1, Жансейiт, Ортақшыл кенттерiнде су іркуіш құрылыстарын салу, Сырдария ауданының Тереңөзек кентiнде сумен жабдықтау жүйесiн қайта жаңарту, Тасбөгет кентiнде сумен жабдықтау және су әкеткi жүйесін қайта жаңарту және кеңейту," деген сөздермен ауыстырылсын;
", Төретам кентiнде тарату желілерiн" деген сөздер алынып тасталсын;
он бесiншi және он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызылорда қаласының сарқынды суларын биологиялық тазарту станциясына баратын қысымды коллекторлар мен кәрiздiк сорғы станцияларын салу және қайта жаңарту;
Оңтүстiк Қазақстан облысында Кентау-Түркiстан топтық су құбырын салуды жүзеге асыру, Шардара топтық су құбырын қайта жаңарту, Созақ ауданының Қарақұр, Отырар ауданының Шәуiлдiр және Әметбек елдi мекендерін сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, Арыс, Шойманов, Темір, Қоғам, Көкмардан, Қызыл ту елдi мекендерінде су құбырын салу және Түркiстан қаласының сумен жабдықталуын жақсарту.";
"5.3. Өңiрде экономикалық белсендiлiктi арттыру үшiн жағдай жасау, өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту және суды ұтымды пайдалану" деген кiшi бөлiмнің сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12 магистральды және шаруашылықаралық арнаны, 1 су қоймасын, 1 коллекторды қайта жаңарту және жөндеу;";
"5.4. Қоныс аудару іс-шараларын ұйымдастыру" деген кiшi бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"5.4. Арал өңiрiнiң халқына әлеуметтік көмек
Халықты әлеуметтiк қорғау үшiн мыналар көзделеді:
Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының және Ақтөбе облысы Шалқар ауданының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
"Қазалы - Сексеуiл", "Қазалы - Жосалы", "Қызылорда - Жосалы" бағыттары бойынша Қызылорда облысының әлеуметтiк маңызды облысiшілiк қала маңы поездарын субсидиялау үшін нысаналы трансферттер бөлу мүмкіндігін қарастыру.";
"6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi" деген бөлiмде:
тоғызыншы абзацтағы "17285,33 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 5051,28, 2005 жылы - 7884,33, 2006 жылы - 4349,72 млн. теңге" деген сөздер "14433,79 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 4822,04 млн. теңге, 2005 жылы - 5045,69 млн. теңге, 2006 жылы - 4566,06 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы "44796,56 млн. теңге, оның iшінде 2004 жылы - 10693,41 млн. теңге, 2005 жылы - 16077,09 млн. теңге, 2006 жылы - 18026,06 млн. теңге" деген сөздер "31928,4 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 11120,9 млн. теңге, 2005 жылы - 13073,2 млн. теңге, 2006 жылы - 7734,3 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетін нәтижелер" деген бөлiмнiң бесінші абзацындағы "республикалық бюджет қаражаты есебiнен 7 туберкулезге қарсы аурухана және диспансер, 11 мектеп, 9 магистральды және шаруашылықаралық арна, 9 су қоймасы, 1 коллектор және басқа да объектiлер салынады және қайта жөнделедi" деген сөздер "республикалық бюджет қаражаты есебiнен 10 туберкулезге қарсы аурухана мен диспансер, 2 орталық аудандық аурухана, 2 емхана, 1 перзентхана, 19 мектеп салынады немесе құрылысы басталады, 12 магистральды және шаруашылықаралық арна, 1 су қоймасы, 1 коллектор және басқа да объектiлер қайта құрылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
"8. Арал өңiрiнің проблемаларын кешендi шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген бөлiм қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2005 жылғы 6 қазандағы
№ 1003 қаулысына
қосымша
8. Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегі
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары