«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 275-ө Өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар
нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру
жөнiндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 275-ө Өкімі

 

1. Қоса берілiп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және белгіленген тәртiппен бекіту жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын әрi Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы ақпарат берсін.

 

 

                                        Қазақстан Республикасы

                                           Премьер-Министрінің

                                        2005 жылғы 29 қыркүйектегі

                                        № 275-ө өкімімен бекітілген

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік

қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет

нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесi