Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге
қатысушыларды тексеру туралы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау
агенттігі төрағасының 2003 ж. 17 мамырдағы № 213 бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 19 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 59-тарауына сәйкес, кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру ережесі бекітілсін.
2. Кедендік кірістер департаменті (И.В. Тен) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж. Мулкинге жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.