«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1289 және 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1384 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 1016 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсін:
1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
ІІ "Шығындар" бөлімінде:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
03 "Мамандандырылған медициналық көмек" iшкi функциясында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімші бойынша:
028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасында:
101 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы мақсатты трансферттер" кіші бағдарламасындағы "621678" деген сандар "434304" деген сандармен ауыстырылсын;
102 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне диабетке қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы мақсатты трансферттер" кiшi бағдарламасындағы "1437908" деген сандар "1413424" деген сандармен ауыстырылсын;
103 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне онкологиялық ауруларға химиялық препараттарды сатып алуға ағымдағы мақсатты трансферттер" кiшi бағдарламасындағы "566438" деген сандар "778296" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрілік заттарды, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 50, 655-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген туберкулезбен ауыратындарға арналған туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысананы трансферттердiң сомасын бөлу осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген қант диабетімен ауыратындар үшін диабетке қарсы препараттарды және жеткізу құралдарын сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген онкологиялық аурулармен ауыратындар үшiн химиялық препараттарды сатып алуға берiлетін ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген бүйрек кемiстiгi бар ауруларға дәрілік заттар, шығыс материалдары мен жинақтаушылары бар диализаторлар, сондай-ақ бүйрегiн ауыстырып қондырған науқастарға дәрілік заттар сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының