«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы № 294-ө Өкімі (2009.08.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы № 294-ө Өкімі

(2009.08.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:

1. Қоса берiлiп отырған Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп, тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобасын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн.

3. Жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Заңды iске асыру үшiн тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.

 

 

ҚР Премьер-Министрінің 2006.25.04. № 107-ө (бұр.ред.қара); 2007.30.05. № 145-ө (бұр.ред.қара); 2009.08.05. № 63-ө (бұр.ред.қара)  Өкідерімен тізбе өзгертілді

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2005 жылғы 17 қазандағы

№ 294-ө өкімімен

бекітілген

 

 

"Агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық

аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы"

Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру

мақсатында қабылдануы қажет нормативтік

құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі

Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгі

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі