36-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты Активтердің құнсыздануы

36-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
 
Активтердің құнсыздануы

 

Осы стандарт 1999 жылғы 1 шілдеден немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есептілік үшін күшіне енді.

 

1998 жылғы шілдеде 38-“Материалдық емес активтер” ХБЕС, 22-“Бизнес бірлестіктері ХБЕС-н қабылдау нәтижесінде Кіріспедегі және 39, 40 және 110-параграфтарға қарама-қайшы сілтемелеріне және терминологиясына өзгерістер енгізілді. Осыған қосымша ретінде, 38-ХБЕС қабылдануына байланысты, 5-параграф “белсенді нарық” анықтамасымен толықтырылды. Және де соңында, А қосымшасының А47, А48 және А57-параграфтарының мәтініндегі шамалы редакциялық келіспеушіліктерге байланысты түзетулер жасалды.

2000 жылғы сәуір айында 40-“Инвестициялық жылжымайтын мүлік” ХБЕС-ның қабылдануына байланысты 1-параграфқа өзгеріс енгізілді. Өзгеріс 2001 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есептілік үшін күшіне енді.

2001 жылғы қаңтар айында 41-“Ауыл шаруашылығы” ХБЕС-ның қабылдануына байланысты 1-параграфқа өзгеріс енгізілді. Өзгеріс 2001 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есептілік үшін күшіне енді.

 

Кіріспе

 

1.       Осы стандарт (36-ХБЕС) барлық активтердің құнсыздануына арналған ақпаратты есепке алу және ашу тәртібін сипаттайды. Ол актив құнының орнын толтыруды бағалауға және құнсыздану залалдарын мойындауға қойылатын, мыналарға енгізілген талаптардың орнын ауыстырады:

(а)     16-“Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ХБЕС (16-ХБЕС қараңыз);

(b)     22-“Бизнес бірлестіктері ХБЕС (22-ХБЕС қараңыз);

(с)     28-“Қауымдастырылған кәсіпорындарға салынған инвестицияларды есепке алу” ХБЕС (28-ХБЕС қараңыз); және

(d)     31-“Бірлескен қызметке қатысу туралы қаржы есептілігі” ХБЕС (31-ХБЕС қараңыз).

36-ХБЕС бұрынғы талаптар мен түсіндірмелерден негізгі айырмашылығы - ол жеке “Қорытындыларға арналған негіздерде” келтіріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.