Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау
салуды жiберу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының
2005 жылғы 26 қыркүйектегі № 433 Бұйрығы
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастапҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 Бұйрығымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi (Салық кодексi) 16-бабының 1-тармағы 9) тармақшасын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жiберу ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң Салық әкiмшiлiктендiруi басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты мемлекеттік тiркеуден өткiзуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жiберсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Салық комитетi Төрағасының Бiрiншi орынбасары Н.Д. Усеноваға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
Агенттігінің Төрағасы
2005 жылғы 20 қыркүйек
Қаржы министрлігінiң
Салық комитетi Төрағасының
2005 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 433 бұйрығымен бекітілген